Үндістанда жерлеу рәсімінде мәйіт тіріліп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Туыстары ешкі бағып жүріп есінен танған адамды өлді деп ойлап, жерлеу рәсімін ұйымдастырған

Фото: ашық дереккөзден

Үндістанда 55 жастағы ер адам өзінің жерлеу рәсімінде тіріліп кетті, деп жазады AsiaOne.

Ер адам қозы бағып жүргенде есінен танып қалған. Оны өліп қалды деп ойлаған жақындары жерлеу рәсімін ұйымдастырған. Басылымның хабарлауынша, ер адамды мәйітке салып жатқанда туыстарының бірі оның басының қозғалғанын байқаған.

Ер адам ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, ол безгек ауруынан ұзақ уақытқа есінен танып қалған.

Тегтер: