Су тасқынына байланысты БҚО-да төтенше жағдай жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Шешімнің орындалу барысын өңір басшысы бақылайды

Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Су тасқынына байланысты Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ашық НҚА порталында БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің Батыс Қазақстан облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешімі шықты.

Аталған шешімге сәйкес облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалып, оған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылды.

Шешімнің орындалу барысын өңір басшысы бақылайды.