Қытай кәсіпорындары «Бір белдеу-бір жол» жобасы аясында 224 млрд юань инвестиция құйған

Автор: Аягөз Құрмаш

Былтырғы жылдың көрсеткіштері тиімді келісім болғанын көрсетті

Фото: Azattyq Ruhy

ҚХР коммерция министрлігінің мәліметтері бойынша, 2023 жылы қытайлық кәсіпорындар «Бір белдеу – бір жол» бастамасына қатысушы елдерге 224,09 миллиард юань тікелей қаржылық емес инвестиция салған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 28,4 пайызға көп. Қытайлық кәсіпорындар осы елдерде шамамен 1,6 трлн юань болатын жаңа жобаларға қол қойды. Бұл көрсеткіштің өсуі 10,7 пайызды құрады. Ал операциялық айналым көлемі 9,8 пайызға өсіп, 930,52 миллиард юаньға жеткен.

Боао Азиялық форумы аясында Ресей Ғылым академиясының Қытай және қазіргі Азия институтының директоры Кирилл Бабаев бұл жоба аясындағы бірлескен ынтымақтастықтың түрлі мәселелерін талқылаудағы ең табысты бастамалардың бірі екенін атады. Болашақта ғалым «Бір белдеу-бір жол» бастамасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың ұштасуына жәрдемдесуге өз үлесін қосады деп үміттенеді.

Бабаевтың айтуынша, жобаның жоғары сапалы бірлескен құрылысы ынтымақтастық үшін көптеген жаңа салаларды ашады және қатысушы елдерге жалпы даму үшін көбірек жаңа мүмкіндіктер әкеледі.