Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» ел аумағында 1 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінен атмосфера фронталды бөліктердің өтуінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Ел аумағнда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін. ҚР бойынша тұман түсіп, солтүстік, солтүстік-батыста көктайғақ болады.