Қосымша вагондардың арқасында су басқан аймақтардан 1200-ден астам тұрғындарды тасымалдау мүмкін болады
Ұлттық тасымалдаушы су тасқынына байланысты Қарағанды облысының тұрғындарын эвакуациялауда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қарағанды облысының Ақсу-Аюлы кентінде ауа райының нашарлауы мен қардың қарқынды еруі Шерубай-Нұра өзенінің шектен тыс толуы салдарынан «Екатеринбург-Алматы» тас жолының уақытша жабылуына әкелді. Осыған байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ Қарағанды облысының тұрғындарын эвакуациялауды ұйымдастыруда», - делінген мәліметте.
Халықты тасымалдауды қамтамасыз ету үшін тегін негізде жеке локомотивті пайдалана отырып, бір рейске жолаушылар пойызы тағайындалды:
Сондай-ақ келесі 1 рейске жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар тағайындалды:
Қосымша вагондардың арқасында су басқан аймақтардан 1200-ден астам тұрғындарды тасымалдау мүмкін болады.
Анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірі бойынша тегін алуға болады.