Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы мәлім етті
Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында жолдар жабылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қостанай облысы:
30 наурызда сағат 19:50-де Ақтөбе облысына қарай қозғалыстың жабылуына байланысты «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» авто жолының 234-545 шақырымында (Ақтөбе облысының шекарасы - Қостанай қ.) жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.
ШҚО:
30 наурызда сағат 20:00-де қар көшкініне байланысты көлік құралдарының барлық түріне мына жолдарда шектеу қойылды:
1. «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тас жолының 6-166 шақырымы, Ушановское ауылы-Алтай қ. учаскесі.
2. «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тас жолының 420-450 шақырымы, Берел ауылы-Рахман қайнары учаскесі.