Ауғанстанда күйеуінің көзіне шөп салған әйелдер көпшілік алдында таспен ұрып өлтіріледі

Автор: Azattyq Rýhy

Имамдардың бірі Ауғанстан телеарнасы арқылы Батыс елдерінің басшыларына жолдады

Фото: istockphoto.com

Ауғанстанда күйеуінің көзіне шөп салған әйелдер көпшілік алдында таспен өлтіріледі. Бұл туралы «Талибан» қозғалысының жоғарғы жетекшісі Хайбатулла Ахунзада мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі EurAsia Daily басылымына сілтеме жасап.

«Әйелдерді таспен атып өлтіргенімізді олардың құқығын бұзу деп айтасыз. Бірақ жақында күйеуінің көзіне шөп салғаны үшін жаза енгізіледі. Біз оларды көпшілік алдында таспен атып өлтіреміз», - деді имамдардың бірі Ауғанстан телеарнасы арқылы Батыс елдерінің басшыларына жолдаған аудио үндеуінде.