Қостанай облысында балалар ауруханасын жөндемеген компанияға 921 млн теңге заңсыз аударылған

Автор: Azattyq Rýhy

Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Қостанай облысының прокуратурасы тексеру комиссиясымен бірлесіп, облыстық балалар ауруханасының ғимаратын күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалану мәселесі бойынша тексеру жүргізді. Бұл туралы Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2020 жылғы 21 шілдеде «Қостанай облыстық балалар ауруханасы» КМК тапсырыс берушісі мен «Вершина» ЖШС мердігері арасында 1,2 млрд теңге сомасына ғимаратты күрделі жөндеуге шарт жасалды.

«Алдағы уақытта мердігердің атына 921 млн теңге аударылды, алайда жұмыстар аяқталған жоқ, жасалған шарт бұзылды.

Тексеру көрсеткендей, «Вершина» ЖШС мекенжайындағы ақшалай қаражаттың бір бөлігі жөндеу жұмыстарын орындау туралы растайтын құжаттарсыз негізсіз аударылған.

Осы факті бойынша облыс прокуратурасымен Қылмыстық кодекстің 361-бабы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - делінген хабарламада.