Шектеу көліктің барлық түрлеріне енгізілді
Өңірлердt болып жатқан су тасқынына байланысты екі облыстағы жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтожолға сілтеме жасап.
2024 жылғы 29 наурызда сағат 18:30-да еріген судың тасуынан және көліктердің қозғалысына қауіп төну салдарынан "Қызылорда-Павлодар" тас жолының 788-906 шақырымында (Ұлытау облысының шекарасы - Топар ауылы учаскесі) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.
2024 жылғы 29 наурызда сағат 18:30-да еріген судың тасуынан және көліктердің қозғалысына қауіп төну салдарынан "Қызылорда-Павлодар" тас жолының 758-788 шақырымында (Жаңаарқа-Қарағанды облысының шекарасы учаскесі) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.