28.03.2024, 18:00
Жаңалықтар
Қызылордада үйінде есінен танып, құлап жатқан әйелге құтқарушылар көмектесті
1958 жылы туған әйел ауруханаға жеткізілді
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қызылордада үйінде есінен танып, құлап жатқан егде жастағы әйелге құтқарушылар көмектесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгін таңертең Қызылорда қаласындағы Әйтеке би көшесіндегі тұрғын үйдің пәтерінің сыртқы есігін бірнеше сағаттан бері ашпай жатқаны жөнінде шақырту түсті.
Оқиға орнына Жедел құтқару жасағынан 5 құтқарушы барды. Туыстарының қатысуымен, слесарлық құралдарды пайдаланып, осы пәтердің сыртқы есігін ашып берді. Пәтер ішіндегі жуынатын бөлмеде 1958 жылы туған егде әйел адам құлап жатқаны анықталды», - делінген хабарламада.
Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлерін шақырып, оларға көмектесіп, әйел адамды жедел жәрдем мамандарына тапсырды.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 23:19
Қызының дүниеге келуін атап өткен: Абай облысының тұрғыны екінші рет сотталып кетті
19.10.2026, 15:25
Қазақстандықтардың әл-ауқатын болжайтын калькулятор істен шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды