Төтенше жағдайдың алдын алу үшін арнайы техникалар мен жұмыс бригадасы жұмылдырылды
Ауа-райының күрт жылынуы және қардың еру салдарынан «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» тасжолының учаскесінде су өткізгіш құбырларын шайып кету қаупі туындады, деп хабардайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» республикалық маңызы бар А-26 авто жолының 3 шақырымынан 92 шақырымға дейінгі учаскесінде барлық көлік құралдары үшін қозғалыс тоқтатылды.
Қазіргі таңда төтенше жағдайдың алдын алу үшін арнайы техникалар мен жұмыс бригадасы жұмылдырылды.