Қазіргі уақытта рейстер қайта жанданды
ТЖМ күшімен Ақтөбе әуежайының жұмысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күні бойы әуе айлағының аумағында Ақтөбе өңірінің құтқарушылары су айдау жұмыстарын жүргізді.
Жергілікті атқарушы органдар өз кезегінде облыстық маңызы бар автожол учаскесін жасанды түрде жарып жіберді.
Бұл жинақталған еріген суды ағызуға мүмкіндік берді. Себебі баламалы айналма жол бар.
Қазіргі уақытта рейстер қайта жанданды.