Ежелгі қала б.з.д. 800 жылдарға тән деп болжанып отыр
Шотландияда Лох-Ваа өзенінің астынан ежелгі қала табылды. Археологтардың айтуынша, қаланың табылауына жаһандық жылыну әсер еткен. Яғни, өзен суының азаюы археологтарды осындай табысқа кенелтті, деп жазады The Independent.
«Өзеннің тереңдігі қысқа уақытта 1,4 метрге азайған. Ғалымдар бұл соңғы 750 жылдағы минималды көрсеткіш екенін айтады. Ал өзен астындағы қала XIII ғасырдан бері су астында жатыр», - деп жазады басылым.