Ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында тіркелген
Қазақстанда 370 медициналық қызметкерден коронавирус анықталған. Бұл туралы онлайн-брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтанова хабарлады.
«Олар 13 аймақта тіркелді. Ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында тіркелді. Мегаполисте 197 дәрігерден, ал елордада 92 қызметкерден COVID-19 анықталды. Солтүстік Қазақстанда - 15, Атырауда 17 медициналық ұйым қызметкерінің вирус жұқтырғаны белгілі болды. Аталғандардың ешқайсысы реаниамацияда жатқан жоқ», - деді Л. Ақтанова.
Вице-министрдің айтуынша, COVID-19 жұқтырғандардың 29%-ы дәрігер, 48%-ы орта медициналық, 28%-ы кіші медициналық қызметкерлер.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан