Оқиға орнында 27 қызметкер және 9 бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды
Жамбыл облысында көпқабатты үйден өрт шығып, 14 адам құтқарылды. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, Жамбыл облысының Тараз қаласында 3-қабаттағы пәтердің балконында өрт болды. Өрт алаңы – 5 ш.м. 13:59 өрт жойылды.
«ТЖД күшімен баспалдақ маршымен 14 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 бала бар. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Оқиға орнында 27 қызметкер және 9 бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды.