Қазір жәбірленушілермен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Мәскедегі «Крокус Сити холлда» теракт кезінде қаза тапқандар саны 137-ге жетті. 62 адамның кім екендері анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТАСС ақпараттық порталына сілтеме жасап.
«Қаза тапқандардың денелерін анықтау жалғасуда. Қазіргі уақытта террорлық шабуыл орнында 137 адамның денесі табылды, оның үшеуі балалар, қылмыс болған жерді тексеру жалғасуда», - делінген Ресей Тергеу комитетінің хабарламасында.
Ресейдің Тергеу комитеті қазір жәбірленушілермен тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын, террористік акт күні концерттік кешенде болған адамдарға жеке заттарын, құжаттары мен автомобильдерін беру жұмыстары басталғанын атап өтті.