Іс-шараға 30-дан астам адам қатысуда
Абай облысы ТЖД қызметкерлері әскери қызметшілермен бірлесіп, облыс бойынша су айдындарында профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Патрульдеу Шүлбі су қоймасында, Семей қ., Курчатов қ., Бородулиха және Бесқарағай аудандарының әкімшілік аумақтарындағы Ертіс өзенінің жағалау бойында жүргізілуде.
Іс-шараға 30-дан астам адам қатысуда.
Абай облысының ТЖ департаменті мұздың өте алдамшы екенін еске салады, сыртқы түрі мықты көрінгенімен, су қоймалары ашылғанға дейін күн мен тұман оны кеуекті, борпылдақ етеді.
Мұндай мұз адамның салмағын көтере алмайды.