Қызылорда облысында құтқарушылар шұңқырға түсіп кеткен жылқыны аман алып шығарды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға 23 наурыз күні болған

Фото: ҚР ТЖМ

Қызылорда облысында құтқарушылар шұңқырға түсіп кеткен жылқыны аман-есен алып шығарды. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік мәліметінше, 23 наурызында Қызылорда қаласының «ПМК-29» саяжайындағы «Керуен» демалыс орны маңындағы арыққа жылқы құлап кеткені туралы хабарлама түсті.

«Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, құтқару арқанын пайдаланып, жылқыны арықтан алып шықты.

Жылқы иесі құтқарушыларға алғысын білдірді. Бізге әрбір өмір маңызды!» - делінген хабарламада.