Қазіргі таңда оннан астам адам іздестіріліп жатыр
Ресейдің Краснояр аймағындағы Сейба өзенінде дамба жарылды. Соның салдарынан кемінде 13 адам қаза тауып, тағы 17 адам із-түссіз жоғалғандар тізімінде тұр, деп жазады ВВС.
«Төрт адам ауруханаға жатқызылды. Дамба жергілік уақыт бойынша таңғы сағат алтыда жарылған. Нәтижесінде жұмысшылар тұратын екі уақытша жатақхананы су басқан. Ол жерде 80-нен астам адам бар. Оқиға орнында 270-тен астам құтқарушы жұмыс істеп жатыр», - деп жазады басылым.