Ақтауда мейрам күндері теңіз жағалауынан 35 тонна қоқыс шығарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Тазарту жұмыстарына 6 техника мен 35 адам жұмылдырылды

Фото: Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақтауда коммуналдық мекеме қызметкерлері теңіз жағалауынан 35 тоннаға жуық қоқыс шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған шарадан кейін коммуналдық мекеме қызметкерлері теңіз жағалауында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.

Аталған жұмыстарға 6 техника мен 35 адам жұмылдырылды.

«Қалада санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті жүргізіледі. Коммуналдық мекеме қызметкерлері теңіз жағалауынан 35 тоннаға жуық қоқыс шығарды. Санитарлық тазалық жұмыстары жалғасып жатыр», - деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Жантілек Асхатов.