Бір адам үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы кем дегенде 10 см болуы керек
Көктем шығып, қар ери бастағаннан бері мұз үстіндегі қауіп те күшейе түсті. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға қауіпсіздік ережелеріне байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Құтқарушылар мұздың еру кезеңінде су айдындарында адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу мақсатында елордалық құтқарушылар рейдтік іс-шаралар өткізді.
Астана қаласы ТЖД мұздың еруі кезінде қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтауды еске салады, атап айтқанда:
«Есіңізде болсын, бір адам үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы кем дегенде 10 сантиметр болуы керек», - дейді құтқарушылар.