Тоқаев Ресейдегі лаңкестік оқиғаға байланысты Қауіпсіздік Кеңесінің жиынын өткізеді

Автор: Azattyq Rýhy

Мәскеуде болған терактіден кем дегенде 60 адам қаза тапты

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдегі лаңкестік оқиғаға байланысты қабылданатын шаралар туралы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 22 наурызда Мәскеу маңындағы «Крокус Сити Холлда» болған шабуылдан бастапқыда 40 адам қаза тапқаны хабарланса, артынша олардың саны 60-қа жеткені белгілі болды. Бұл туралы РФ Тергеу комитетінің баспасөз қызметі өзінің Telegram-арнасында мәлім етті.

Мәскеуде болған қанды шабуылды көп ұзамай ИГИЛ содырлар ұйымы өз мойнына алғаны хабарланды.