Синоптиктердің болжамынша, ел аумағында жел күшейіп, тұман түседі
Еліміздің оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр, қар жауады. Республиканың оңтүстігіндегі таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамы бойынша, атмосфералық қысымның жоғарылауы әсерінен еліміздің солтүстік жартысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша тұман түседі, шығыста көктайғақ болады.