$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркияда өткен халықаралық байқау: Қосшы қаласының жасөспірімдері гран-при иеленді

Олар қатарластарынан оқ бойы алда болып, көрермен қауымды өзіне тәнті етті

Түркияда өткен халықаралық байқау: Қосшы қаласының жасөспірімдері гран-при иеленді

Түркияда өткен халықаралық байқауда Қосшы қаласында орналасқан «Жаңа белес» балаларды дамыту орталығының бишілері гран-при иеленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Байқау Түркияның Ыстанбұл қаласында өтті. Көпжанрлы халықаралық байқауда «Заманауи эстрадалық би» сайысы бойынша қазақстандық ұжым бас жүлдені иеленді.

Түркиядағы байқауға Астананың іргесінде орналасқан Қосшы қаласының 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдері қатысты. Олар қатарластарынан оқ бойы алда болып, көрермен қауымды өзіне тәнті етті.

Сол сияқты 12 жасар Ажар Тілеубек «домбыра» номинациясы бойынша қатысып, Құрманғазының Адай күйін орындап, 1-орынға ие болды.

«Жаңа белес» орталығының басшысы Әйгерім Көкеева жетекшілік етіп, балаларды байқауға бастап алып барды. Балалармен бірге ата-аналары да барды.

Серіктес жаңалықтары