Тұман, екпінді жел: 22 наурызға аралған ауа райы болжамы жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Шығыста көктайғақ болады, елдің оңтүстігінде найзағай ойнайды

Фото: freepik.com

Қазақстанның оңтүстік бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр, қар жауады, кей уақыттарда жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамы бойынша, республиканың солтүстік жартысында атмосфералық қысымның жоғарылауы әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ертең ел бойынша тұман түседі, шығыста көктайғақ болады, елдің оңтүстігінде найзағай ойнайды.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.