«Қорқыныш дегенді білмейді»: Грекияда Қазақстанның артықшылығы туралы айтылды

Автор: Azattyq Rýhy

Футболдан Грекия-Қазақстан матчы бүгін сағат 00:45-те басталады

Фото: t.me/aqorda_resmi

Грекияның SDNA.gr 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні Еуро-2024 іріктеу матчтарының финалына шығу үшін Грекия ұлттық құрамасымен сынға түсетін Қазақстан құрамасының футболшыларының батылдығы мен табандылығын атап өтті. Бұл туралы Azattyq Ruhy тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан құрамасының ең мықты тұсы – ойыншылар арасындағы өзара түсіністік, алаңда гол соғу мүмкіндігі үшін жан алысып, жан берісу. Ал ең басты артықшылығы – тәртіп. Қорқыныш – Грекияның қарсыласы білмейтін, түсінбейтін сөз. Құмарлық пен қауіпті сезінбеу арқылы Қазақстан құрамасы осындай кезеңге дейін жетіп отыр. Ал оның бәрі жетіспей тұрған таланттың орнын жоқтатпайды. Түптеп келгенде, жекелеген ойыншылардың сапасын Грекия құрамасымен салыстыруға келмейді», - деп жазылған мақалада.

Айта кетейік, Грекия-Қазақстан матчы бүгін сағат 00:45-те басталады.