Қостанайда полицейлердің заңды талабына бағынбаған жүрізушіге айыппұл тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол патрульдік полицияның ескертуін елемей, қызметкерлерге қарсылық көрсеткен

Фото: Azattyq Rýhy./Әсет Құндақбаев

Қостанай қалалық әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты полицияға бағынбаған жүргізушіге қатысты 130 мың теңге айыппұл түрінде жаза тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

19 наурызда Lada Granta жүргізушісі әл-Фараби даңғылы бойына көлігін дұрыс қоймаған. Ол патрульдік полицияның ескертуін елемей, қызметкерлерге қарсылық көрсеткен. Осыған байланысты ол екі дерек бойынша әкімшілік жазаға тартылды.

«Оған полицейлердің заңды талаптарына бағынбағаны үшін 110 мың теңге, тұрақ ережелерін бұзғаны үшін 18 мың теңге айыппұл тағайындалды», делінген хабарламада.