Президент Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылатын бірқатар іс-шараға қатысады
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына келді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді», - делінген хабарламада.
Президент ертең Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылатын бірқатар іс-шараға қатысады.