Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пунктері штаттық режимде жұмысын жалғастырады
Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пунктері 2024 жылдың 21-23 наурызы аралығында жұмыс істемейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасында 2024 жылғы 21-23 наурыз аралығында «Наурыз мейрамын» мерекелеуге байланысты қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлайды», - деп хабарлады ведомстводан.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пунктері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.