ШҚО-да тау-кен байыту кешінінің аумағы өртенді

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің себебі анықталып жатыр

Фото: Видеодан скриншот

Алтай қаласында тау-кен байыту кешенінің бөлек тұрған 2 қабатты цех аумағында концентраттарды қоюлау және сүзу учаскесінде шатыр өртенді. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері келді.

Өрт сөндіруге ШҚО ТЖД жеке құрамының 18 адамы мен 5 техникасы, сондай-ақ кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің 10 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

«Қазіргі уақытта өрт оқшауланды, алдын ала  болжам бойынша өрттің аумағы 260 шаршы метрді құрайды.

Өрт сағ 15:48-де жойылды. Өрттің ауданы – 260 ш.м. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.