Көлік апатына ұшыраған: Абай облысында зардап шеккендер құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар Бесқарағай ауылының орталық аудандық ауруханасына жеткізді

Фото: freepik

Абай облысында көлік апатына ұшыраған 4 адам құтқарылды. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, 17 наурызға қараған түні «Семеновка» ТМҚП-қа Бесқарағай ауданында Семей-Павлодар тас жолында көлік аударылып, 4 зардап шеккен адам көмекке мұқтаж екендігі туралы хабарлама түсті.

«Медицина қызметкерлері келгеннен кейін ақпарат расталды.

ТМҚП қызметкерлері зардап шеккендерге дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, түрлі жарақаттармен Бесқарағай ауылының орталық аудандық ауруханасына жеткізді», - делінген хабарламада.