Газаға теңіз арқылы алғашқы гуманитарлық көмек жеткізілді

Автор: Azattyq Rýhy

БҰҰ мәліметі бойынша аймақтағы бүкіл халық аштыққа ұшыраған

Фото: Reuters

Кипр портынан шыққан гуманитарлық көмек кемесі Газа жағалауына жетті. Анклав алаңына 200 тоннаға жуық азық-түлік салынған контейнерлер түсірілді. Бұл туралы Azattyq Ruhy тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік мәліметінше, азық-түлікпен қамтамасыз ету жер және әуе арқылы да жүзеге асырылады. Алайда Газа секторына қазіргі көмек мөлшері жеткіліксіз.

Теңіз миссиясын АҚШ-тың World Central kitchen қайырымдылық ұйымы (WCK) ұйымдастырды, оның негізгі қаржылық демеушісі – Біріккен Араб Әмірліктері, ал испаниялық қайырымдылық ұйымы кемемен қамтамасыз етті.

Гуманитарлық көмектің бірінші партиясына күріш, ұн, бұршақ дақылдары, консервіленген көкөністер және консервіленген ақуыздар енді.

Қазіргі уақытта WCK Газаға шұғыл қажет көмектің екінші партиясын дайындап жатыр. БҰҰ мәліметі бойынша аймақтағы бүкіл халық аштыққа ұшыраған.

Газада қазір жұмыс істеп тұрған порт жоқ, сондықтан жүкті қабылдау үшін уақытша айлақ салынды. Ол үшін қираған ғимараттардың сынықтары мен бөліктері материал ретінде пайдаланылды.