София Роблес «GGG»-мен суретке түсіп, оны әлеуметтік желіге жариялады
Геннадий Головкин аргентиналық жанкүйері, «La Golovkina» лақап атымен рингке шығып жүрген боксшы София Роблеспен кездесіп, фотоға түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Головкин аргентиналық боксшымен Италияда өткен әлемдік лицензиялық турнирде кездескен көрінеді. София Роблес «GGG»-мен суретке түсіп, оны әлеуметтік желіге жариялады.
«Менің арманым орындалды, кумирім Геннадий "GGG" Головкинмен кездестім», – деп жазды София X желісіндегі парақшасында.