UFC файтері Жалғас Жұмағұлов ауыр жарақаты туралы айтты

Автор: Azattyq Rýhy

24 ақпанда Жұмағұлов америкалық Кливленд Маклинді төрешілер шешімімен жеңген болатын

Фото: zhumagulov_zhalgas/Instagram

Бұрынғы UFC файтері қазақстандық Жалғас Жұмағұлов октагонда алған ауыр жарақаты, оған ота жасалуы және оңалтуының қалай жүріп жатқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

«Менде бәрі жақсы. Рақмет. Иә, бір апта бұрын маған ота жасалды. Енді - оңалту болады. Енді дүйсенбіде қайта МРТ тапсырамын - не боларын көре жатармыз. Мәскеуге бір жарым күн ғана бардым. Маған ота жасалды – операция шамамен 40 минутқа созылды. Кейін бірден үйге ұшып кеттім. Үйде емделіп жатырмын. Дәрігермен үнемі байланыстамын», - деді танымал файтер.

24 ақпанда Жұмағұлов (16-9) Naiza FC 57 турнирінде америкалық Кливленд Маклинді (17-12) төрешілер шешімімен жеңген болатын. Файтер бірінші раундта жарақат алған еді.