Дания әйелдерді шұғыл әскери қызметке шақырмақ

Автор: Azattyq Rýhy

Әйелдерді шақыру туралы заң 2026 жылдан бастап күшіне енеді

Фото: Global Look Press/IMAGO/Francis Joseph Dean

Дания билігі әйелдерді әскери қызметке шақыра бастайтынын мәлімдеді. Осы уақытқа дейін әйелдерге жыл сайынғы шақыру қолданылмады, бірақ олар өз еркімен қызмет етуге бара алады, деп хабарлайды Azattyq ruhy asiaplustj.info-ға сілтеме жасап.

Бұл шара қорғаныс шығындарын кеңейтуді, Қарулы Күштердегі гендерлік теңдікті күшейтуді және әскерге шақыру бойынша қызмет мерзімін арттыруды қамтитын елдің қорғанысын нығайту бағдарламасы аясында қабылданды.

Әйелдерді шақыру туралы заң 2026 жылдан бастап күшіне енеді деп күтілуде.

Осылайша, Дания әйелдерді әскери қызметке міндетті түрде шақыру бойынша Еуропадағы Норвегия мен Швециядан кейінгі үшінші мемлекет болады.

Дания Қарулы күштерінің саны 20 мыңға жуық адамды құрайды, оның 9 мыңы кәсіби әскери күштер.

Өткен жылы Данияның Қарулы Күштерінде 4,7 мың мерзімді қызметтегі сарбаздар әскерден өтті, оның 25%-ы әйелдер. Қазір әскерге шақырылушылар төрт ай бойы қызмет етуде. Жаңа бағдарлама бойынша қызмет ету мерзімі 11 айға дейін ұзартылады; алғашқы 5 айда әскерге шақырылушылар базалық курсты игереді, ал қалған уақыт Әскери — теңіз күштері мен әуе күштерін қоса алғанда, әскер түрлерінің бірінде қызмет етеді.