Ұлттық банк автонесие бағдарламасына 20 млрд теңге бөлді

Автор: Azattyq Rýhy

Бағдарлама аясында халық отандық автокөліктерді сатып ала алады

kapital.kz

Қазақстанның Ұлттық банкі отандық автоөндірісті қолдауға 20 млрд теңге бөлді. Бұл қаржы отандық жеңіл автокөлікті несиеге беру бағдарламасына бағытталады, деп жазады Kapital.kz.

Екінші деңгейлі банктер Қазақстан даму банкі арқылы 14,5 млрд теңге көлеміндегі алғашқы траншты алды. Ақша Халық банкі (4 млрд теңге), Сбербанк (7,5 млрд теңге) пен ВТБ Банкке (3 млрд теңге) берілді.

Ұлттық банк отандық жеңіл автокөліктерді несиелеу бағдарламасын 31 мамыр күні бекітті. Бағдарлама аясында автонесиеге 5 жыл бойы жылына 20 млрд теңге бөлінеді.