Алматыдан 486 шақырым қашықтықта жер сілкінді
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 14 наурыз күні жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша сағат 13:36-да тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 486 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы —11,4. MPV магнитудасы — 5.0. Координаттары 42,14°с.е. 82,65° ш. б. Тереңдігі — 5 км.