Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп–ұстауға 276 бірлік техника және 294 жолшы жұмылдырылған
Сағат 21:00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді жабылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Қар көшкіні қаупі мен көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Ақтөбе облысында - жалпы ұзындығы 377 км құрайтын 1 автожол
Шығыс Қазақстан облысында – жалпы ұзындығы 160 км 1 автожол.
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп –ұстауға 276 бірлік техника және 294 жолшы жұмылдырылған.