Алматыда баланың асқазанынан 100 теңгелік тиын шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Дәрігерлер ұсақ заттарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтауға кеңес береді

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда әйел адам алты жастағы баласының тиын жұтып қойғанын айтып, дәрігерлер көмегіне жүгінген. Рентген баланың асқазанында жүз теңгелік тиын бар екенін анықтап, оны операциясыз алып шыққан. Бүгінгі таңда бала ауруханадан шығарылған.

Дәрігерлердің айтуынша, балалардың ұсақ-түйек заттарды жұтып қоюы жиі кездеседі. Солардың ішінде ең қиыны – магниттер, себебі олар медициналық құралдарға жабысып, қиындық туғызады.

«Алматыда жыл басынан бері Балаларға жедел медициналық көмек көрсететін орталыққа асқазанына бөтен дене түскен 120 бала түскен. Дәрігерлер ұсақ заттарды балалардың қолы түспейтін жерде сақтауға кеңес береді», - дейді орталықтың баспасөз қызметі.

Тегтер: