Тоқаев Әзербайжан президентінің резиденциясына барды

Автор: Мира Байбек

Резиденцияда Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президентінің «Загульба» резиденциясына барды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлдағандай, резиденцияда Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

«Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды», - делінген хабарламада.

Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.

Бұған дейін Мемлекет басшысының Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барғанын хабарлаған болатынбыз.