Еліміздің үш облысында бірнеше автожол жабылды

Автор: Мира Байбек

Ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Коллаж: Azattyq Ruhy

Еліміздің 3 облысында республикалық маңызы бар үш автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«ҚазАвтоЖол» 11 наурыздағы сағат 07:00-дегі жағдай бойынша жолдар ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылды.

Ақтөбе облысында - жалпы ұзындығы 189 км құрайтын 1 автожол (жел, жаяу бұрқасын, көктайғақ):

  • «Самара-Шымкент» «ЭКО Ойл» жанармай құю бекеті-Қарабұтақ елдімекені (жүк және қоғамдық көлік үшін).

Қызылорда облысында - жалпы ұзындығы 204 км 1 автожол (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты):

  • «Қызылорда-Павлодар» - Қызылорда қ. - Ұлытау обл.шекарасы (автокөліктің барлық түрі үшін).

Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 208 км 1 автожол. (жаңбыр, көктайғақ):

  • «Қызылорда-Павлодар» - Қызылорда обл.шекарасы-Талап а. (автокөліктің барлық түрі үшін).

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп –ұстауға 247 бірлік техника және 284 жолшы жұмылдырылған.