Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілуде

Автор: Azattyq Rýhy

Су өткізу құрбырларын, арықтар мен каналдарды тазарту жұмыстары жалғасуда

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Өңірде бүгінгі күні ұзындығы 16 шақырым су тасқыны қаупі бар өзендердің түбін тереңдету, жағалауды нығайту және тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Су өткізу құрбырларын, арықтар мен каналдарды тазарту жұмыстары жалғасуда.

«Су тасқыны қаупі күрделенген жағдайға әкімдікпен бірлесіп, жалпы саны 1 638 адам, 350 техника, 66 жүзу құралы, 232 мотопомпадан тұратын күштер мен құралдар дайындыққа келтірілді. Жанар-жағармай, инертті материалдар, қаптар қорлары дайындалды», - делінген хабарламада.