Ресейде екі қазақстандық азамат террорлық әрекет жасамақ болды – ҰҚК ақпаратты растады

Автор: Azattyq Rýhy

Көрсетілген факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде

Скрин видео

БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматының террорлық акті жасауды ұйымдастыруға әрекеті кезінде Ресейдің күштік құрылымдарымен көзі жойылғаны туралы ақпарат жарияланды. Аталған мәліметті ҰҚК растады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҰҚК аталған адамдардың қазақстандық екенін және олардың Ресейге шыққандығын растады.

«Көрсетілген факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Тексеріс ынтымақтастық арнасы аясында Ресей ФҚҚ-мен тығыз байланыста жүзеге асырылуда. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.