Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
7 наурызда Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің № 57 мекемесінің басшысы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол пара алды деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», - деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, №57 мекеме Алматы облысы Заречное ауылында орналасқан.