Алматыда 17 қабатты тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттен зардап шеккендер жоқ

Фото: depositphotos.com

Алматыда 17 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Өрт орын алған мекенжайға жедел жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды сөндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ хабарлауы бойынша, қалалық ТЖД күштері мен құралдары 6 наурыз, сағат 22:44-те Бостандық ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде өрттің жоғары дәрежедегі шақыртуы бойынша жұмылдырылған.

Төтеншеліктер 7-ші қабатта орналасқан пәтерде үй заттарының жанып жатқанын анықтаған. Баспалдақтардың тұтануы байқалған. Қызыл жалын шарпыған аумағы – 40 шаршы метр.

Тұрғындардың кейбірі өздері сыртқа шығып үлгерген. Ал іште қалғандарын құтқарушылар өрт сөндіру техникасының автосатысы арқылы эвакуациялады.

Өрт сағат 23:08-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.