Бірқатар аймақта тұман түседі
«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 7 наурызда төрт өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қостанай облысының шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын түседі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с түседі.
Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.