Алматыдан 266 шақырым аумақта жер сілкінді

Автор: Azattyq Rýhy

Зілзала ошағы Қытайда орналасқан

Фото: istockphoto.com

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 6 наурыз күні сағат 18:19-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 266 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,6. MPV магнитудасы – 3.9. Координаттары 41,27°с.е. 78,80° ш. б. Тереңдігі – 5 км.

Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Қазақстан Республикасының аумағында - жоқ.