Қар, бұрқасын, жел: бүгінге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Республика бойынша тұман түседі

Фото: freepik.com

«Қазгидромет» РМК-сы бүгінге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, 6-шы наурызда антициклон сілемі Қазақстан аумағының басым бөлігінде құрғақ, желсіз ауа райының қалыптасуына ықпал етеді.

Тек елдің солтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен қар жауып, бұрқасындатады. ҚР бойынша тұман, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста жел күшейеді.