Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілді

Автор: Azattyq Rýhy

Зілзала ошағы Қытай аумағында орналасқан

Фото: istockphoto.com

Алматыдан 266 шақырым аумақта жер сілкінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін сағат 05:09-да тіркеді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 266 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісі Алматыда 2 балл көлемінде сезілген.