Коронавирус жұқтырған 21 адам ауыр жағдайда жатыр - ДСМ

Автор: Azattyq Rýhy

Күндізгі және стационарлық карантинде 34 236 адам жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған 21 адам ауыр жағдайда жатыр. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова ОКҚ-да онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған 21 адам ауыр жағдайда жатыр. Вирусты жұқтыру жағдайының күндік өсімі шамамен 9,9 пайызды құрайды. Өткен тәулікте бүкіл республикада 86 жағдай тіркелді. Атап айтқанда Нұр-Сұлтанда - 20, Алматыда 28 адам анықталды. Күндізгі және стационарлық карантинде жатқан адамдардың саны – 34 236. Оның ішінде пациенттердің 68 пайызы үй карантинінде», - деді Людмила Бюрабекова

Айта кету керек, Қазақстанда қауіпті індет жұқтырғандардың 20,5%-ы - дәрігерлер.